Біздің елде Божко деген бір кісі үлкен қызметте әлі жүр.
Содан бір кезде депутат Азат Перуашевтен сөз естіп қалыпты:
– Біз сізбен бірге Парламент Мәжілісінің ресми отырысында отырмыз. Сіз, Владимир Карпович, басқа да әріптестерім, отырыс ашылмай жатып бір-бірлеріңізді комсомол мерекесімен қоймай құттықтап жатырсыздар. Сіздер осы қай елде тұрасыздар? Білмесеңіз, мен естеріңізге салып қояйын, біз Қазақстан Республикасында тұрамыз. Тәуелсіз Қазақстанда ондай мереке жоқ! Сондықтан бізді ол мерекемен құттықтаудың керегі жоқ. Егер бұл сіз үшін жеке мереке болса – онда бір-біріңізді Парламент отырысында емес, жеке кездесіп құттықтаңыз,
– депті шыдамай кеткен Азат Перуашев.
Міне, осындай қызықтар болып жатыр, қазіргі Қазақстанда.
Фото: Ақжол
Божконың болмысы. «Орыс әлемінің» өкілі Қазақстанда қалай үлкен бастық боп кеткен?