«Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы құрылымындағы кәсіпорындар жоғары технологиялық әскери өнімдермен қатар, басқа салаларға арналған заманауи дүниелерді де дайындауға қабілетті, деп хабарлады kaz.365info.kz порталына Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен.
Мәселен, «Қазақстан инжинирингтің» еншілес кәсіпорындарының бірі — Петропавл ауыр машина құрылысы зауыты — мұнай-газ скважиналарын күрделі жөндеуден өткізуге арналған ПАП-80/100 көтергіш қондырғысын жасап шығарып, пайдалануға берді. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіндегілер аталмыш ноу-хау «Қазақстан инжинирингтің» жеке кәсіпорындармен арадағы әріптестікті дамыту аясында жүзеге асырылды, дейді.
Сонымен қатар, Петропавл ауыр машина құрылысы зауытының өнімі гидрожүйенің монтаждық және жұмыстық деп, бөлінуімен ерекшеленеді.
Петропавл ауыр машина құрылысы зауыты агрегаттың толық өндірістік циклын жүзеге асыруды өз мойнына алып отыр. Сондай-ақ солтүстік қазақстандықтар жобаны жүзеге асыруға және ноу-хауды пайдалануға беруге бастау болған конструкторлық құжаттаманы да толық дайындап шықты.
Жұмыстар Маңғыстау облысындағы компаниялардың бірімен жасалған келісім аясында жүзеге асырылды. Атап айтарлығы, 2018 жылы Петропавл ауыр машина құрылысы зауыты аталмыш аймақ орталығы – Ақтау қаласынан өзінің өкілдігін ашты.
Қазіргі нарық заманының талабы – кәсіпорындарды қолда бар клиенттік базаны қанағат тұтпауға міндеттейді. Сондықтан Петропавл ауыр машина құрылысы зауыты әріптестік жүйені белсенді кеңейтумен айналысып келеді. Өнімдердің кең ауқымын өндірудегі көпжылдық тәжірибе мен негізгі капиталға құйылған инвестициялар арқасында кеңейіп жатқан технологиялық мүмкіндіктер Петропавл ауыр машина құрылысы зауытына бұрынғы деңгеймен шектеліп қоймай, сонымен қатар, өндірілетін тауарлар, көрсетілетін қызметтер номенклатурасын кеңейтуге мүмкіндіктер береді.
Солтүстік Қазақстан өлкесіндегі аса ірі кәіпорындардың бірі болашаққа нық сеніммен қарайды. Алдағы уақытта Петропавл ауыр амашина құрылысы зауыты мұнай-газ өндіретін кәсіпорындардың техника паркіне сервистік қызмет көрсету саласындағы жұмысты дамытуды жоспарлап отыр.
Атап айтарлығы, аталмыш зауыт өзі өндірген өнімнің тағдырына бей-жай қарамайды, ол үнемі олардың жұмысын бақылап отырады, тіпті, кепілденген қызмет көрсету мерзімі аяқталса да.
Петропавл ауыр машина құрылысы зауытының жоспарында жүк көтеру қуаттылығы 600 тоннаға дейінгі стационарлық бұрғылау қондырғыларын шығару бар. Қазіргі таңда кәсіпорын мамандары Қазақстанның мұнай және газ өндіретін компанияларының жер үстіндегі жұмыстарды атқаруға арналған техникасын жоғары технологиялық машина паркімен алмастыру жұмыстарына кірісіп кетті.
– Бизнеске қолдау көрсету және оны дамытудың «Бизнес-2020″ Жол картасы» бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыру аясында «БРК Лизинг»акционерлік қоғамының дизингтік қаржыландыру құралдарын пайдалана отырып, біз шағын және орта бизнес субъектілерімен әріптестікті дамытуға дайынбыз», — дейді ойын ортаға салған «Петропавл ауыр машина құрылысы зауыты» АҚ бас директоры Вадим Шақшақбаев.
Петропавл ауыр машина құрылысы зауытының шағын және орта бизнеспен қызметтесу жөніндегі бағдарламасының жүзеге асуы еліміздің мұнай-газ секторындағы даму қарқынына тың серпін береді, деп күтілуде.
Петропавл ауыр машина құрылысы зауыты — тек Солтүстік Қазақстандағы емес, сонымен қатар, бүкіл республикамыздағы мұнай-газ өндіру, оны өңдеу, мұнай-химия, химия, газ, энергетика және темір жол салаларына арналған заманауи технологиялар негізінде құрал-жабдықтар шығаратын кәсіпорын.
2018 жылы кәсіпорын өз өндірісінің 55 жылдық мерейтойын атап өтуде.