Күні кеше қазақ өнерінде жағымсыз оқиғалар елдің көңілін түсірді.
Желіде Ескендір Хасанғалиевтің қаза болғаны жайлы ақпарат тараса, Мәдина Сәдуақасова жол апатына түсіп қалды. Көп ұзамай Хасанғалиев суыт хабарды жоққа шығарды.
Сол сияқты Ерке Есмахан да аяқ асты ауруханаға түсіп, шымкенттік көрермендермен кездесе алмады.
“Достар! Мен киноның xалыққа жол тартатын осы күндерін қатты күтіп едім. Кешеден бері түнімен ұйықтай алмай, мазам қашып, бүгін Шымкентке келіп, есімнен танып құлап қалдым.
Есмахан “Махаббат кафесі” фильміне жанын салғанын айтып, тыңдармандарынан өзін қолдауды өтінді.
“Әйел адам нәзік келеді бәрібір. Осыншама жауапкершіліктің ауыртпалығын көтере алмай, шорт сынып кеткендеймін. Алла жар болсын”, – деп түйіндеді сөзін ол.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірер күн бұрын Ерке “Махаббат кафесі” атты тырнақалды фильмінің тұсауын кескен болатын.
Дереккөз: Stan.kz