Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
7
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Қашанғы өткен империяның қаңсығымен мақтанамыз, ағалар-ау?

114

Кейде сыртқа шыққанда қасына отырып аламын да, әңгімесін тыңдаймын. Өткен өмірін, сәветтік жүйенің «жетістігін», жақсы жақтарын жыр қып айтады. Сол мінез маңдайына жазылған, өмірден солай болып өтетін обреченный адамдай болып (обреченный адамдар екені өтірік емес қой!) көрінетін маған ол.

Сөз жоқ, комсомол, пионер, октябрят ұйымдары – сол кездегі жүйені бір рамкада ұстап тұрған, адамдарды әдепке, тәртіпке үйреткен моральдық фундамент болды. Бірақ олар түптеп келгенде қазақты қынадай қырған, мәңгүрттеген идеологияға қызмет етті.

Осындағы бір ағамыз да сұқбатында комсомолдың осындай жақсы жақтары болғанын, алашордалықтардың емес, комсомолдың 100 жылдығын атап өткені де содан, олардың сол мектепке деген құрметі болды деген сыңайда сарнапты. Былай қарасаң, бәрі дұрыс секілді.

Бірақ олардың сол ескі тәртіппен келе жатқаны, өздерінің өскелең ұрпақты тәрбиелейтін сондай бір мектеп қалыптастыра алмағаны – сол бұрынғысын бұлдап жүргендей болып көрінетін баяғы комсомолдардың кемшілігі екенін де ашық айту керек. Өздері соған балама болатын бір ұйым құра алмады да, жаңа жол, жаңа сүрлеу салатын уақыты болса да, әлі сол баяғы мақаммен сарнап, әлі сол әбден тапталып қалған ескі сүрлеумен келе жатыр.

Қашанғы өткен империяның қаңсығымен мақтанамыз, ағалар-ау?

Сәвет Одағы кезіндегі кез келген ұйымды ақтап алуға да, құрметтеуге де болмайды. Өзіміз одан да асып кеткен бір керемет мектеп қалыптастырып, сонымен салыстыра қарайтын жаңа жүйе құрсақ бірсәрі, қай жерімізбен мақтанамыз?

Бұл – мақтан емес, соған балама болатындай ешқандай жаңа жүйе жасай алмаған сол ұрпақтың (комсомолдардың) дүмшелігі, шарасыздығы ғана!

Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз