Келесі оқу жылынан бастап колледж тәмамдаған студенттер жоғары оқу орнын 2-3 жыл ішінде бітіре алады.
Бұл туралы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
“Ол тек колледж бітіргендерге ғана арналған. Жоғары оқу орындары колледждердің оқу бағдарламаларының кредиттерін есепке алса, енді төрт жыл оқымай, екі-үш жыл ішінде бітіруге болады”, — деді министр үкімет кулуарында.
Сағадиев жаңа өзгеріс 2019 жылы, жаңа оқу жылында күшіне енетінін атап өтті.
“Қазір құжаттарды бекітіп, біртіндеп енгізетін боламыз”, — деді ол.