Бұл қыздың асқазан-ішек жолы жұмыс істемейді. Сондықтан ол тамыр арқылы ғана нәр алуға мәжбүр.
Нидерланды тұрғыны Келли Бекерс (Kelly Beckers) ішек жолдарының созылмалы жалған обстукциясына шалдыққан. Аурудың неден асқынып кеткені анықталмады.
Ішектерімен ас жүре алмайды. Тамақ ішсе жүрегі айнып, құсады, іші қатып, ауырып, ісіп кетеді.
Төрт жарым жылдан бері адамша тамақ ішпей жүр. Қажетті азықты тамыр арқылы ғана қабылдайды. Келли бірнеше рет сепсистен (бактериядан қанның бұзылуы) өліп қала жаздапты, нәр алатын катетерден жұққан. Ол аздай, бейшара қыз үнемі өзімен бірге екі нәжісқабылдағыш алып жүруге мәжбүр, нәжісі соған жиналады.
Бірақ өзінің осы жағдайына қарамастан, Келли ел-жұрттан қысылмай өмір сүруге тырысады. Достарымен жиі кездесіп, көңіл көтереді, өз ауруы туралы мектеп оқушыларына айтып, жергілікті спорттық клубта ерікті жұмысшы болып жүр. Өзіне көмекші болып үйренген ит асырағалы тіпті жалғыз тұруды үйреніпті. Жағдайы нашарлай қалғанда иті жүгіріп барып, жақын туыстарына белгі береді екен.