Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-7
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

“Бастықтың қызы”. Олжас Сүлейменовтың немересін өлтірген айыпталушы кінәсін мойындады

101

Айта кетейік, ақын Олжас Сүлейменовтің отбасындағы қайғылы жағдай тура 4 ай бұрын Есілдің сол жағалауындағы ірі даңғылдардың бірінде болған еді. Мотоцикл тізгіндеген халық жазушысының немересін «Hyundai» көлігі қағып кеткен. 26 жастағы жігіт сол жерде жан тапсырды. Ал, жүргізушінің  Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Қайрат Мұхитовтың қызы екені анықталды. Оның адвокаты бүгін істе көп шикілік барын айтты.

“Малика Мұхитова жол ережесін бұзды дейді. Бірақ, оның көлігі қандай жылдамдықпен жүргені анықталмаған. Ал, Ескендір Сүлейменовтің мотоциклі сағатына 88 шақырым жылдамдықпен жүрген. Сондықтан анықтайтын нәрсе көп. Бірақ, менің қорғауымдағы Мұхитова шығынды төлеп, сотты тезірек аяқтағысы келеді. Оған жәбірленуші тарап та қарсы емес. Бірақ, әзірге нақты сомасын айтқан жоқ”, деді  адвокат Дмитрий Куряченко.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз