Синоптиктер 11-13 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстік аумағында жаңбырдың арты қарға ұласады.
“11 қазанда күндізгі температура әлі де плюс 13…20 градус болса, 13 қазанда 0…плюс 8 градусқа төмен болады. Ал түнгі температура 0…- 5 градус болады деп болжанады.
Мұндай ауа райы республика аумағына Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік аймағынан жылжыйтын арктикалық суық фронтпен байланысты.
Ал Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысында суық фронттардың әсері 12 қазанда күндіз, ал 13 қазанда тәулік бойы күтіледі, мұнда әзірге жаңбыр, бірақ таулы аймақтарда жаңбыр қарға ұласады”, – деді “Қазгидромет” өкілдері.