Суық фронттар әсерінен Қазақстанның батыс, солтүстік, орталық және оңтүстік өңірлерінде күн суытады деп хабарлайды “Қазгидрометке” сілтеме жасаған NUR.KZ.
Қазақстанда аумағында 4-6 қазан аралығында ауа температурасы төмендеп, жаңбыр жауады.
Құрғақ ауа-райының себепкері болған ауқымды антициклон Қазақстан аумағынан ауып барады.
“Суық ауа фронттары батыстан шығысқа қарай жылжи отырып, алдымен батыс аймақтарда жауын-шашын тудырады. 6-шы қазанда жауын-шашын солтүстік, орталық және оңтүстік өңірлерге жетеді.
Ал шығыс және оңтүстік-шығыс Қазақстанда күн алабұлтты болғанымен ауа температурасы көтеріледі” , – Қазгидромет өкілдері.