Алматыда әйел адам көлікке соғылып көз жұмды. Оқиға Рысқұлов көшесінде болды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлады.
Toyota жүргізушісінің айтуынша, жүргінші әйел азиаттық болған. Жасы шамамен 40-45 жас аралығында. Ол көшеде көлік жүретін жолмен жүріп, біртүрлі әрекеттер жасаған.
Жүргізуші әйелді байқап, тежегішті басқанын айтады. Алайда әйел көліктің терезесіне секіріп, көлік астында қалып мерт болды. Алған жарақатынан сол жерде көз жұмды.