Астанада ер адам бесінші қабаттан құлап кете жаздады. Оның терезе жақтауынан әрең ұстанып тұрған сәті видеоға түсіп қалды.
Оқиға 29 қыркүйекте Астанада болған. Ер адам терезе жақтауынан ұстанып, бар даусымен көмек шақырады. Алайда үй ішіндегі әйел терезені жауып, оған көмектеспей қояды. Ер адам күшінің азайып, құлауға шақ қалғанынын айтқан шақта оны ішке кіргізіп алды. Оқиғаны көрші үйдің адамдары видеоға түсірді.
Ер адамды көшеде өтіп бара жатқан азамат құтқарып қалды. Ол ІІБ-ның жедел уәкілі, капитан Ербол Саликов. Күндіз Қобыланды баты көшесінен өтіп бара жатып, айқайды естиді. Бесінші қабаттан құламақ болған азаматты көреді. Ол бірден сол пәтерге жүгіреді. Жабық тұрған есікті сындырмақ болғанда, ішінен әйел есікті ашады. Ер адам терезеге жүгіріп, жігітті ішке кіргізіп алады. Осыдан соң полицей әріптестері келеді. Саликов өз жұмыстарымен кетіп қалады.
Бұл жайлы Ерболдың достары мен әріптестері хабарлады.
Қалалық ІІД оқиғаға қатысты пікір білдірген жоқ.