Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-10
USD
515
-0.96
EUR
537
-0.28
RUB
5.18
+0.01

“Жазалаймын бәрін…”. Мәдина Әбілқасымова өз министрлігіндегі былыққа қатысты түсініктеме берді

Аталған шараларға 5 млрд теңге бөлініп, 70 мыңнан астам адам оқытылған. Ал жұмысқа орналасқаны шамамен 60 пайыз ғана», – деді министр

Мәжілістегі парламенттік тыңдаудан кейін БАҚ өкілдеріне. Оның атап өтуінше, кінәлілерге қатысты шаралар қабылданған.

«Дегенмен, бағдарламаны жүзеге асыру, ең алдымен, жергілікті атқарушы органдардың құзіретіне кіреді. Заң бұзушылықтар орын алған Халықты жұмыспен қамту орталықтары қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдардың бақылауында. Әрбір факті бойынша әкімдіктермен және жұмыспен қамту басқармаларымен мән-жайды анықтадық. Шаралар қабылданып, мұндай бұзушылықтар жіберген қызметкерлер жұмыстан шығарылды», – деді Мәдина Әбілқасымова.

Сонымен қатар ол министрлік орын алған заң бұзушылықтардың сәйкесінше, қорытынды шығарғанын баса айтты.

«Бағдарлама шарттары жақсарды. Оқу орындарын іріктеу талаптары жақсартылды. Материалдық базасы жақсы, өткен жылдардағы жұмысқа орналастыру көрсеткіші 60 пайыздан кем емес оқу орындары ғана бұл бағдарламаға қосылатын болады. Қазіргі уақытта аталған оқу орындарының тізілімі «Атамекен» ҰКП-мен бекітіледі. Содан кейін өңірлік комиссияға шығарылып, бекітіледі және оқу орындарын іріктеу жүргзіледі. Біз талаптарды қатаңдатып, аталған тізілімді қайта қараймыз», – деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Бас прокуратурасы халықты жұмыспен қамту бағдарламасы аясында бөлінген қаражаттың тиімсіз пайдаланғандығын және ұрланғанын жария еткен болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз