Ұлттық банк алдымыздағы жылдың 1-қаңтарынан бастап, банк қызметін қадағалаудың жаңа жүйесін енгізеді.
Жаңа жүйенің сыры неде, ол қалай жұмыс істейді? Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Алматыда өткен баспасөз маслихаты барысында егжей-тегжейлі айтып өтті.
Қазір Ұлттық банк Қазақстанның әр банкіндегі жағдайға мониторинг жасап отырады. Егер заңмен белгіленген нормалар мен шектеулер бұзылып, ал қаржы банктен шығарылатын болса, қаржы реттеушісі, яғни, Ұлттық банк тиісті шаралар қолданады.
Уәждемелі пайым банк акционерлері мен басқарушылары арасындағы келісім, банк резервтерінің жеткіліктілігін бағалау, банкпен аса тығыз байланыстағы тұлғаларды анықтау және банктің ішкі жүйесіндегі тәуекелдерді бағалау аясында пайдаланылады.
Ақышев осыған орай қаржы реттеушісінің қосымша өкілеттіктерге ие болмайтынын ерекше атап өтті. Шындап келгенде, Ұлттық банктің қаржы ұйымдарының қызметін қадағалау жөніндегі құралдары неғұрлым тиімді жүйеге топтастырылады және осы құралдарды пайдалануға негіз беретін себептерді ретке келтіреді.
Қадағалаудың тәуекелдік-бағдарлық сипатын енгізу бұрындары банк секторында орын алған келеңсіздіктер келмеске кетеді деп, күтілуде. Банк клиенттерінің қаржысы қорғау күшейе түседі.