Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
8
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

“Арман звандады…”. ҚазҰУ жатақханасында 1-курс студенті жұмбақ жағдайда көз жұмды (видео)

https://kaz.365info.kz/adilet-ministrliginde-biraz-bylykhtyn-beti-ashyldy-333272

“Маған әуелі 9-дар шамасында хабарласты да, жағдай нашар деді. Кейін іле-шала қайтыс болғанын жеткізді. Жатақханаға келген кезде оның кешкі 6-дан бастап халі ауырлай бастағанын естідік. Сонда оған ешқандай алғашқы көмек көрсетілмеген. Қазақ Ұлттық университеті секілді білдей білім ордасында алғашқы медициналық көмек ұсынатын орталықтың болмауы өте өкінішті”, дейді  марқұмның туысы.

Марқұмның туысқандары әуелі оған жанындағы жігіт өз бетінше көмек көрсетуге тырысқанын айтады. Алайда, 3 сағат бойы неге жедел жәрдем шақырылмағанын түсінбейміз дейді туысқандары. Бейресми дерек бойынша бөлмедегі екі студент есірткі қолданды деген ақпарат бар. Бірақ, жақындары мұндай мәліметке сенбейміз дейді.

“Ол синтетикалық есірткі зат сатып алғанын айтты. Білмеймін, мүмкін емес секілді. Элиталы табак деп аталады. Telegram-ға кіріп, сол арадан тапсырыс берген. Бағасы – 2700 теңге. Тастақтан барып алып келіпті. Содан соң екеуі оны шеккен. Бір тартқаннан-ақ екеуінің жағдайы нашарлаған.

Арман дәретханаға жүгірген, құсу үшін. Нұрдос оны элиталы табак деп ойлаған секілді, есірткі емес. Сондықтан ауырсынса да ары қарай тарта берген. Ал Арман бәрін құсып тастаған. 2,5-3 сағат аунап жатқан ғой. Сол кезде дәрігер шақырса түк те жоқ еді. Ал мына жатақханада алғашқы көмек көрсететін пункт те жоқ екен, масқара ғой”, – дейді марқұмның апайы.

Ал, студенттің ауыр жағдайын ести сала атқа қондық деген университет өкілдері, оның жедел жәрдем жеткенше жаны үзіліп кеткенін жеткізді.

“Екеуі де бір курстың, механика-математика факультетінің студенттері.  Бөлмеде екеуі болған. Біреуі кәмелеттік жасқа толмаған. Біз қазір оқиғаны жан-жақты зерттеу үшін барлық мүмкіндікті жасап жатырмыз”, дейді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметінің жетекшісі.

https://kaz.365info.kz/ma-sagan-bayan-alagozova-kameraga-tykirip-zhiberdi-video-333103

Ал, кәмелетке толмаған 17 жастағы екінші студент Ақтөбе облысының тумасы. Алайда, оқу ордасының қызметкерлері мәселенің мән-жайын толық білмейміз деп жалтарды. Ал, полицейлер аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтады. Бірақ, сот-медициналық сараптамада Нұрдос Айтбаевтың белгісіз заттан уланғаны жазылған.

Университет басшылығы қайғылы оқиғадан соң студенттер арасында қосымша түсіндіру жұмыстары күшейгенін айтады. Сондай-ақ, қолдан келгенше  қайғыдан қан жұтқан отбасыға материалдық көмек көрсетеміз деп отыр. Ал, марқұмның денесі бүгін туған қаласы Екібастұзға жөнелтіліп, сонда жер қойнына тапсырылады.

Дәрігерлер марқұмның уланудан көз жұмғанын айтып отыр. Бірақ неден екенін олар әзірге тексеру үстінде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз