Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Ливандағы елшілікке келіп, ресми тіркелген азаматтардың санын жариялады.
“Қазір Сирия аумағында Қазақстанның 22 азаматы өмір сүруде. Олар ресми тіркелген. Сирия және Ирактағы өзге де отандастарымызды анықтап жатырмыз. Оларды елге қайтарудың жолын да іздестірудеміз”,дейді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
22 адамның 21-і әйел. Олар Сирия азаматтарына тұрмысқа шыққан. Араларындағы жалғыз ер адам ол жаққа жұмыспен барған екен. Қанды қырғын болып жатқан Сирияда жүрген жерлестеріміздің саны бұдан да көп болуы мүмкін.
Одан қалды, Сыртқы істер министрлігінің консулдық қызметіне Сирия мен Иракта қауіпті аймақта қалып қойған азаматтардың туыстарынан 20-дан астам арыз түсіпті. Қазір диломаттар оларға қандай көмек керек екенін нақтылап жатыр.
Дерек көз:Ктк.