Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова бұдан бірнеше күн бұрын жеке өмірі туралы сұхбат беріп, күйеуінің өзін тастап кеткенін айтқан болатын.
Оның айтуынша, олар ресми түрде бір жарым жыл бұрын ажырасып кеткен. 31 арнаға сұхбат берген әнші ұлын да іздеп келмейтін күйеуі туралы айтып, жылап жіберді деп жазады NUR.KZ.
“Осымен тақырыпты, рұқсат болса, жабайық. Аллаға сансыз шүкір бүгінімде бақыттымын! Тәп-тәтті ұл өсіріп отырмын, ата-анам, бауырларым жанымда!
Ең маңыздысы, осындай сынаққа тап болған сәттерімде, әрдайым сағымның сынбауына себепкер болатын мені қолдаушы да, қорғаушы да Сіздер барсыздар! Көзімнің жасын сүртетін жақындарым мен халқымның арқасында мен бекеммін! Құшақтадым!”, – деп жазды ол.
https://kaz.365info.kz/kyjeuinin-tepkisine-tozip-kelgen-khyzylordalykh-ajel-bajlap-khojyp-sabajdy-332413
Видеода ажырасқандарына бір жарым жыл болғанын айтқан Мөлдір, ең құрымағанда, баласын көруге келмей қойған бұрынғы күйеуіне қатты назалы секілді. „Келмейді, көрмейді баласын„ деген Мөлдір қыстығып жылап қалды. Алдындағы сәби біп-биттей саусағымен анасының жасын сүртіп жатыр.
„Мені жұбатып жатқаны ғой„ деген Мөлдір өз-өзін алдаусыратып қояды. Кез келген бала үшін ана қабағынан кірбіңді көру қасірет қой, жылама Мөлдір, көз жасыңды балаға көрсетпе, бекем бол„
https://kaz.365info.kz/kymp-degizip-azhyraskhan-otandykh-aktrisa-tauekel-mysilimnin-khyshagynan-bir-akh-shykhty-foto-332440
деп жазды желі қолданушылары өз кезегінде.