Желіде қазақ жігітінің жедел жәрдем көлігінің жүргізшісін ұрған азаматқа айтқан үндеуі жарияланды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлады.
Кеше түрік жігітінің жол бермеген жедел жәрдем жүргізушісін ұрып тастаған туралы хабарлаған болатынбыз. Егде жастағы азаматтың бет-жүзі жарақаттанды.
https://kaz.365info.kz/almatyda-tyrikten-tayakh-zhegen-zhedel-zhardem-zhyrgizushisi-okhiganyn-khalaj-bolganyn-ajtyp-berdi-video-332350
Бұл оқиға көпшіліктің ашуына тиді. Осы орайда қазақ жігіті Сәбит Жүсіпов үндеу жолдап, оны жекпе-жекке шақырды.
“Кешегі жас жігіттің егде жастағы азаматты, оның үстіне жедел жәрдем жүргізушісін ұрған жігіт жайлы айтқым келеді.
“Фольксваген Пассат” көлігінің жүргізушісі, егер сен күресетін болсаң, екеуміз кездесейік, жол-пұлыңды өзім төлеймін. Немесе мен барайын саған.
Көшеде ме, рингте ме, ережесіз бе, ережемен бе қалай ынғайлы солай қол көтеріп көр маған. Жекпе-жекке шық. Мен саған үлкендерді қалай сыйлау керек екенін үйретейін”, – деді қазақ жігіті.
https://kaz.365info.kz/gylnara-karimovaga-milliondagan-dollardy-khyrajtyn-kharzhysyn-kimge-khaldyrmakh-bolgany-belgili-boldy-332416