ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры Қазақстан жастарының конгресімен бірге «Jas Qalam» жастар журналистикасын дамыту жобасын жүзеге асыруды бастайтынын жариялайды.
Отандық БАҚ-тың танымал журналистері аймақтық форумдарда жас журналистерге арнап шебердік сабақтары мен тренингтер өткізеді.
Жоба мақсаты – еліміздің журналистика саласын дамыту. Аталған форумдар
11 қыркүйекте Тараз қаласында, 16 қыркүйек – Алматы, 25 қыркүйек – Семей, ал 5 қазанда Астана қаласында өткізіледі.
Қатысушылар – 14 пен 29 жас аралығындағы жас журналистер және болашақта журналист боламын деген жастар.
Жоба 3 кезеңнен тұрады: өтінім қабылдау – іріктеу кезеңі; аймақтық форумдар; қорытынды республикалық форум. Нәтижесінде
500-ге жуық жас журналистерді оқытып, менторлық көмек көрсету арқылы журналистік жолдағы прогрессін бақылау көзделген.
Жұлдызды десант баратын келесі қала – Алматы қаласы. 16 қыркүйекте Алматы Менеджмент университетінде «Jas Qalam» жобасының тұңғыш форумы өткізіледі. Қатысуға барша жас журналистер мен аталған мамандыққа қызығушылығы бар жастар шақырылады.