Алтынай Жорабаева өзінің киген киімі, оның дизайынын сынайтындарға жауап берді.
Әнші бұл ретте өз ойын видеода жайып салып, оны әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жүктеді.
„… Көпшілік маған стилистіңді ауыстыр деп кеңес беріп, жазып жатады. Кешіріңіздер, мен ештеңені де өзгертпеймін, маған осылай ұнайды.
Өйткені қазір мынадай кең киімдер енді ғана трендке кіріп жатыр. Ал мен мұны осыдан 9-10 жыл бұрын киіп тастағам. Кезінде велюрдан көйлек, шапан киіп жүрген кездерім болды ғой.
Сол кезде бәрі “осы сөлбіретіп бірдеңе киіп алады” деп айтатын.
Ал қазір қарап отырсаңыз, дизайнерлердің түгелі дерлік велюрдан киім тігеді, кең киімдер, шапан тігеді. Сондықтан мен оны өзгертпеймін. Өйткені менің Мансиямның фантазиясы “космический”. Қазір үстімде де шапан, бұл шапанға 8 жыл болды, әлі сол күйі тастамай киюге болады. Менің стилімді өзгертпей-ақ қойыңыздаршы, маған осылай ұнайды”, – дейді Алтынай.
Әншінің бұл жауабы желідегілердің көбісіне ұнамай қалды. Олар бұлайша әнші артық қылық көрсетті деп айыптады.
https://kaz.365info.kz/khyzyn-yzatkhan-tanymal-sazger-kozine-zhas-aldy-video-331709
„Ей, жаным-ай, көрпеңе қарай көсілесің, бренд-срентіңді біз ұқпаймыз„ деп пікір жазушы мұның жарнама деп ұққанын жеткізді. Ал тағы бірі: „Маған бәрібір не кисең де, не жесең де, тұрсиіңді басына киіп алып жүрсең де„ депті.