Саясаттанушы Досым Сәтпаев биліктегі ауыс-түйіске қатысты өз пікірін білдірді.
Оның айтуынша, қазір саяси элитада демографиялық жаңғыру орын алып, біз тарихи фазаға жақындап қалыппыз.
“Қазақстан билігі кадрлық саясатта ескі-құсқы, кәкір-шүкірді “шығарып тастап” жатыр. Әділбек Жақсыбековтың, Нұртай Әбіқаевтың зейнетке шығуы немесе Нидің көз жұмуы бұлардың дәурені өткенін көрсетеді.
Олар жасайтынын жасап, асайтынын асады. Болды енді. Осылай тоқтайды. Көп ұзамай элитада демографиялық жаңғыру болады. Алыптардың орнын басатын жастар шыға бастайды.
Бұл номенклатуралық эволюция елімізге зиянын тигізбесе екен деп іштей тілеп отырмын. Өйткені алдыңғы алыптарымыздың қылмағаны жоқ қой. Оның үстіне байып алған, биліксіз алдағы күнін елестете алмайтындарды аш “қасқырлар” алмастырмақ.
Егер бұлар да солардың қылғанын қайталаса, онда оның арты жақсы болмайды”, деп жазды Досым Сәтпаев Фейсбуктегі жеке парақшасында.
https://kaz.365info.kz/olar-kytken-zhokh-sayasattanushy-biliktegi-auys-tyjiske-khatysty-pikir-bildirdi-331403
Айта кетелік, Астана әкімі Әсет Исекешев ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі қызметіне барған еді. Ал ол қызметтегі Әділбек Жақсыбеков зейнетке босатылды. Кейбір сарапшылардың болжамынша, Әсет Исекешев Иманғали Тасмағамбетовтың орнын баса алатындай деңгейде дайындалған кадр көрінеді.
https://kaz.365info.kz/ketu-kerek-dosym-satpaev-khazir-khazakhstanda-ne-bop-zhatkhanyn-ajtty-330807