Отандық бағдарлама аясында бала кезінен бастап өзін әйел адам ретінде сезінген ер жігіт өз оқиғасымен бөлісті. Ұзақ уақыт бойы өз арманын жасырып келген ол, енді жынысын ауыстырып тастауға бекінген. Көрермендер қазақ баласының бұл әрекетіне жаға ұстап, өз наразылығын білдіруде.
Бұл туралы Nur.kz хабарлады.
https://kaz.365info.kz/rezenkemen-zhinap-nagima-eskhalievanyn-yly-khagynyp-alypty-foto-331587
Айтуынша, кішкентайынан нақтырақ айтсақ, бірінші сыныптан бастап өзін қыз ретінде сезінген ол жынысын ауыстыруды арман еткен.
Алайда, толық отбасында дүниеге келген қазақ баласын өз жанұясы қолдамаған көрінеді. Олар ер баланың әйел болып өзгергісі келетініне қарсылық көрсеткен.
https://kaz.365info.kz/deputatkha-tokhal-boludy-armandagan-28-zhastagy-aru-shetelde-demalyp-zhyr-foto-331556
“Мен 20 жасқа келгенде оларға айтып, ашыла бастағанымда олар мені түсінбеді”, – деп айтты ол.
Өзін мүлде ер адам ретінде санай алмаған жігіт бүгінде ата-анасымен ара-қатынасы өте ауыр жағдайда екенін айтты. Отбасы туралы сұраққа ол жауап беруден бас тартып, жылап қалды.
https://kaz.365info.kz/apkem-zhokh-bolgan-kezde-okhushy-khyz-khyrsagynda-zhezdesinin-balasy-baryn-ajtty-331550
Бағдарламаның бұл саны желіде өте қызу талқыланып, мыңдаған пікір жинаған. Олардың көпшілігі жігіттің шешімін қолдамайтындарын білдірген. Санаулы адамдар ғана, заманауи өмірде бұл қалыпты әрі ерсі емес құбылыс екенін айтып ақтауға тырысты.