Тегеранда өткен Сирия қақтығысын реттеу бойынша Иран, Ресей және Түркия басшыларының үшжақты кездесуі Астана процесінің сириялық бейбіт үдерісіне, соның ішінде, елдің саяси бірлігі мен тұтастығын сақтауға қатысты халықаралық іс-әрекеттерін үйлестірудегі оң рөлін көрсетті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы ресейлік тараптың бастамасы бойынша, Сириядағы ахуалға баса назар аударуына байланысты ұйымдастырылды. Кеңес мүшелерінен басқа аталған отырысқа Иран мен Түркияның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдері де қатысты.
Сессия барысында қазақстандық делегация басшысы әлемдік қауымдастық ішкісириялық қақтығысты тек қана бейбіт жолмен шешу, соғыс қиратқан елді қалпына келтіру және күрделі гуманитарлық ахуалды шешу үшін жағдай жасау мақсатында бірлескен күш-жігерді жұмсау керек екенін атап өтті.
https://kaz.365info.kz/sh-ny-skeri-siriya-a-ornalastyryluy-m-mkin-b-l-jym-a-m-she-aza-stan-endi-ajtedi-232189
«Біз сондай-ақ көптеген сириялық босқындардың қайтарылуына жағдай жасауымыз керек. Осыған орай,
сириялық босқындар бойынша халықаралық конференцияны ұйымдастыру туралы идеясы проблеманы шешудегі алғашқы қадам бола алады»,
– деді Қайрат Омаров отырыс барысында.
https://kaz.365info.kz/khazakhstan-siriyaga-asker-attandyruy-mymkin-280279
Сириядағы жағдай туралы айта отырып, Қазақстан Елшісі Астана процесінің кепіл-елдерінің «ДАИШ», «Ан-Нусра майданы» және «Әл-Каида» террористік топтарына қарсы күрестегі ынтымақтастығының маңыздылығын, сондай-ақ атыс тоқтату режиміне қатысатын қарулы оппозициялық топтардың террористерден арылуының өзектілігіне баса назар аударды. Сонымен қатар, елші саяси процесс үшін жаңа мүмкіндіктер тудыратын Идлибдегі атыстың тоқтатылуын қанағаттанушылықпен атап өтті.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында
Қазақстан өткір халықаралық мәселелерді құрметтеу, сенімділік және сындарлы ынтымақтастық негізінде ғана шеше алатынын тағы да растады.
Иран, Ресей және Түркияның Сириядағы гуманитарлық жағдайды жақсартуға және азаматтық тұлғаларды қорғауға, соның ішінде, Сирия экономикасын және инфрақұрылымды қалпына келтіруге, сондай-ақ маңызды әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған күш-жігеріне жоғары баға берілді.