Билікте ауыс-түйіс болып жатыр. Команда ауыстыру…
«Мырқымбая заменил Тырқымбай
Тырқымбая заменил Қыртымбай» – «Плетнье чепухи» Герольд Бельгер
«Ж» – облысы әкімі – Жұманды,
«Қ» – облысына жіберді.
«Қ» – облысы әкімі – Қаманды,
«Ж» – облысына жіберді.
Көріп келген “талайды”,
Жақсы менен жаманды,
Жұман әкім әп сәтте,
Ауыстырды команды!
Бірінші зам – Жеңісбекті,
Сыныптасы – Жегішбекке,
Екінші зам – Дарабайды,
Нағашысы – Парабайға,
Үшінші зам – Сағымбайды,
Құдасы – Жағымбайға,
Ішкі істердегі – Қысқышбекті,
Қайнағасы – Ішкішбекке,
Білімдегі – Ғалымгүлді,
Көңілдесі – Залымгүлге,
Денсаулықтағы – Дәрігүлді
Балдызы – Жанымгүлге,
Қаржыдағы – Темірбайды,
Жездесі – Жемірбайға,
Ауыстырып тастады.
Бір айдан соң ойланып,
Тағы бір іс бастады;
Доңызбайдың орнына,
Қабан болды.
Жақсыбайдың орнына,
Жаман болды.
Облыста сонымен,
Ауыстыру команда
Тамам болды!
Аймұханбет Бейсенбеков
Фейсбук парақшасынан