Нұр-Сұлтан
Қазір
-10
Ертең
-8
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

“Не деген адамсыңдар!”. Бекболат Тілеухан өзін сынағандарға сөйлеп тастады (видео)

178

https://kaz.365info.kz/khyzykhsyzdar-bekbolat-tileuhan-kokparga-khatysty-tysinik-berdi-331121

“Дәл қазір және қуана-қуана кетуге дайынмын. Жұмысымды істей алатын адам ұсынса, орнымды қазір-ақ босатуға дайынмын. Бұл орынға жабысып қалған ештеңем жоқ. Мен өзіме тиесілі жұмысты орындадым деп ойлаймын.

Әлі де орындай бермекпін. Мақтанып жатыр деп ойлап қалмаңыздар. “Федерация бастығын және т.б.-сын құртыңдар” деп жұрт шулап жатыр. Өзге әріптестерімді қорғауға себебім бар. Олар бұл істі маған дейін қолға алған. Солардың бірі — Рамазан Сәтбаев.

Өзі бұл жұмыстан жалықты ма, әлде басқа себебі болды ма қызметінен кетті. Бірақ ол мен үшін қымбат кадр еді. Осы жігіттердің арқасында көп жұмыс атқарылды”, — деді депутат.

https://kaz.365info.kz/ishimdik-ishuden-zharyskha-tysken-tanymal-anshi-kopshiliktin-ashuyna-tidi-video-331114

Әрі қарай Бекболат Тілеухан кез келген саланың тізгінін ұстауға әзір екенін жеткізді. Бұл тізімде қарапайым мектеп те бар болып шықты.

“Маған ұлттық спорттың тізгінін немесе мектептің тізгінін берсең де бәрібір. Кез келген нәрсенің бабын табудың жолын білемін. Өйткені, өмірлік тәжірибем мол. Кісімен жұмыс істей аламын.
Ал екі адамның басын қосып, есіктің алдын сыпыртуға шамасы жетпейтін кейбір кісілердің осы іске кіріскісі келетініне таңым бар.

Тағы да айтайын, қажет деп тауып, орнымды босатуды талап етіп жатса, орнымды қуана беруге дайынмын. (…) Біздің аударыспақ деген спортымызды бір жарым миллиард халқы бар Қытай Халық Республикасы мойындады.

Бұл әлемнің бестен бір бөлігі мойындады деген сөз. Сол кезде “Біздің аударыспағымызды әлем мойындап жатыр” деп неге айтпады?

 

https://kaz.365info.kz/kameletke-tolmagan-khyzben-zhynystykh-khatynaskha-tysuge-bolmajdy-alde-sen-yshin-bolady-ma-331087

Я болмаса “Этно ойындарда Қазақстан жеңіске жетті” деп сүйінші сұраған кезде неге үн қоспады? Бір рет өзбектен жеңілген еді “Атсыз барды” деп жала жапты. Атты дайындау солардың тарапынан жасалатын дүние. Осындай жағдайға тап болғанда көпіртіп-көпіртіп әкеліп біздің сағымызды сындырғаннан қандай пайда бар?” — деп сөзін жалғады федерация бастығы.

Бұдан кейін мәжіліс депутаты спорттың бұл түріне жеткілікті мөлшерде қаржы бөлінбей отырғанына тоқталды. Бюджеттен бөлінетін 250 миллионның 40%-і жүлдеге жұмсалады екен.

“Басыңнан төмен қарай аспа-төк ақша төгіліп жатса қызық шығар?! Айналып келгенде анаған-мынаған жалпақтап жалығасың. “Әй, жігіттер, бере тұрыңдаршы. Сендерге бергенге ақша болмай тұр. Осының бір есебін табармын” деп өздеріне жалынып кетесің.

Қарындасым, (журналиске — авт. ескертпесі) сіз көңілге келе ме деп жатырсыз. Рахмет! Тура көкейімдегі нәрсені айттыңыз. Осыны айтса екен деп іштей тіленіп отырған едім. Бұл орынға жабысып қалған ешнәрсем жоқ. Рахатанып басқарып, атын шығарып отыр десе — ол екінші мәселе. Жасыратын ештеңесі жоқ. Ат пен танымалдылыққа зәру болып жүрген адам емеспін.

 

https://kaz.365info.kz/madina-saduakhasova-khazakh-estradasynda-ozine-basekeles-anshi-zhokh-ekenin-ajtty-331092

“Ұлттық спорт Бекболатқа керек пе? Бекболат ұлттық спортқа керек пе?” деген тағы бір мәселе бар. Мақтанып жатқаным жоқ. Таза мінсіз асыл тас шер тарқатқанда шығады демекші, алдыларыңызда шерімді тарқатып отырмын”, — деп қорытты сөзін Бекболат Тілеухан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз