Қырғызстан мемлекеттік кеден қызметінің бұрынғы басшысы Адамқұл Жүнісовке іздеу жарияланды. Бұл туралы Экономикалық қызметке қарсы іс-қимыл мемлекеттік қызметі мәлім етті.
Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, оған 2018 жылдың 28 тамызында «Қызметтік лауазымын асыра пайдалану» айыбы тағылып, іздеу салынды. Жүнісов 2013-2016 жылдары Мемлекеттік кеден қызметінің төрағасы қызметін атқарды.
2018 жылдың 18 тамызында Жүнісовке сырттай Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 304-бабында қарастырылған қылмыс жасады деген айып тағылып, 2018 жылдың 28 тамызында Бішкек қаласы Первомай аудандық сотының үкімімен сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.