Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі 27-тамыз бен 5-қыркүйек аралағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізілуде.
«Жасөспірім» жедел алдын-алу іс-шарасының 7 күндік қорытындысы бойынша 300-ден астам ойын-сауық орындары, атап айтқанда, мейрамхана, дәмхана, барлар, түнгі клубтар мен компьютер клубтары және жастар көп жиналатын орындар, яғни бақтар, саябақтар мен демалыс орындары тексерілді деп хабарлайды елордалық ІІД жергілікті полиция қызметінің баспасөз қызметі.
Айта кетелік, бұл іс-шараны өткізуге жергілікті атқарушы органдар, білім басқармасы, денсаулықты сақтау басқармасы, ата-аналар комитеті және үкіметтік емес ұйымдар қатысуда.