Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-10
USD
515
-0.96
EUR
537
-0.28
RUB
5.18
+0.01

Қыркүйектен бастап Астана әкімі таксимен жүрмекші

Атқамінерлердің айына 400 мың теңгеге ғана әрлі-берлі жүруге қақы бар. Бұрын қызметттік көліктің күтіміне бюджеттен бір жарым миллион теңге жұмсалған екен. Енді шығын 3 есе кемиді. Ал шенеуніктерді әкімдікке уақытылы жеткізу үшін арнайы таксопарк құрылып ол үшін Қазақстанда құрастырылған машиналар ғана сатылып алынады. Ал бұған дейін шенділерді тасыған қымбат қызметтік автомобильдер полицейлер, мұғалімдер мен дәрігерлерге таратылмақшы.

Тіпті, босаған темір тұлпардың бірі балалар үйінің қажетіне жарап жүр. Егер елордалық дөкейлердің тәжірбиесі сәтті іске асса, облыстық әкімдіктердің қызметкерлері де жаппай таксиге ауысады.

“Әкімдіктің кез-келген қызметкері жұмыс бабымен таксиді шақырта алады. Кім хабарласты, қызметі, аты-жөні қайда барды бәрін бақылап отырамыз. Сосын, ай соңында мониторинг жасап, көлікті қаншалықты тиімді пайдаланғанын анықтаймыз”, дейді Ғали Исқалиев, Қала регенерациясы басқармасының басшысы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз