Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
7
USD
442
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.86
0.00

Ешкімге дес бермеген Айбек Нұғымаров Азияның абсолютті чемпионы атанды

Чемпионаттың қола жүлдесін Жапония балуаны Танимото Сузукиді жеңген тәжікстандық Дадохан Курбаналиев еншіледі.

Бұдан бұрын Серік Бердімұрат аталған чемпионатта +100 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атанған болатын.

Айта кетсек, осыған дейін Азия чемпионатында 8 салмақ бойынша бірінші орын 4 қазақ және 3 моңғол, 1 түрікменстандық балуандарының еншісінде кетті.

Елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде Қазақ күресінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Азия чемпионатында 11 елден 77 балуан 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсуде.

Чемпионатта Қазақстан сортшыларымен бірге Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Пәкістан, Өзбекстан, Шри-Ланка, Жапония, Иран, Қырғызстан, Үндістаннан келген спортшылар өзара бақ сынасты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз