Алматы облысы Ұзынағаш ауылында бір апта ішінде екі оқушы қыз бен жігіт өзіне қол салды, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.
Өзіне қол салған Сабина Аширбекова мен Жұлдыз Серік – 9 бен 8-сынып оқушылары. Екеуі бір мектепте оқыған қыздар. Олардың өлімінен соң екі күн өткенде ауылда жас жігіт асылып тұрған күйінде табылды.
https://kaz.365info.kz/khozdyryp-tyr-eki-khazakh-khyz-koshenin-khakh-ortasynda-bilgenin-istedi-video-329108
Мектеп басшылығы да оқушылардың өліміне не себеп болғанын білмей дал.
“Мектепте 2 мыңнан астам оқушы бар. Оның әрқайсы өзіміздің баламыздай. Естігенде жақсы эмоцияда болған жоқпыз. Барлығымыз күйзелдік. Әлі де күйзеліс үстіндеміз”, – дейді С. Бердіқұлов атындағы орта мектеп директорының орынбасары Лаура Сәрсенбиева.
Мектеп басышылығының айтуынша, екі оқушының отбасы бірі тәртібі, бірі тұрмыстық жағдайы үшін есепте тұрған.
Жұлдыз Серіктің жақындары оның өліміне виртуалды ойындардың себеп болғанын айтты. Ал, өлімнің нақты себебі тергеуден соң белгілі болады. Полицейлер қылмыстық іс қозғалып, іске қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.
https://kaz.365info.kz/syje-bastady-akesinin-dosyna-khyzmet-korsetken-zhozekshe-khyz-syryn-akhtardy-328949
Жамбыл аудандық білім бөлімі қазадан соң шұғыл жиналыс өткізіп, мектеп директорына сөгіс жариялады.
Мұғалімдер қазір үйді-үйді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
https://www.youtube.com/watch?v=yOCDDjsQLwU
https://kaz.365info.kz/tyr-zhalanash-bajzakhovanyn-bir-erkekpen-tosekte-zhatkhan-satinin-videosy-pajda-boldy-video-328952