Журналист Айткүл Жұлдызбайқызы өзінің парақшасында былай депті:
https://kaz.365info.kz/bajyp-zhatsam-bir-ap-ademi-tokhal-alamyn-serikbol-sajlaubek-293447
«Қазақтың байырғы бай, ауқатты адамдары қандай еді?! Ел-жұртының тыныштығын қорғаған сонау замандарды айтпай-ақ, ХV ғасырдағы Қазтуғанды алайықшы. Өте ауқатты, шонжар әулетте туған жыраудың өмірі аттың жалында өткен. Одан кейінгі Доспамбет жырау. Ақсүйек. “Туған айдай нұрланып, дулыға кидім, өкінбен”, — деді.
30-ға да жетпеген жасында Астраxань түбінде елін қорғап опат болды.
ХVIII ғасырдың Ақтамбердісі де ақсүйектер әулетінен. “Дұшпаннан көрген қорлығым, Сарысу болды жүрекке. Он жетімде құрсанып, қылыш ілдім білекке”,- деді.
https://kaz.365info.kz/zhardy-zhardy-khyzyp-algan-bir-khazakh-tojda-bylaj-biledi-304913
Ал, бүгін ше? Біздің қоғамда бай-бағландар бар ма! Бар болса, олар кімдер? Не істеп жүр, xалқы үшін?
Париждің төрінен тоқалына 65 млн евроға пәтер алып берген қазақ байын бәріміз білеміз,
басқалары ше? Не бітіріп, не істеп жүр екен?!».
Қазақтың, ұлттың қамын жеп, сол үшін басын құрбандыққа шалатындары бар ма екен?
Әй қайдам! Еліміздегі қазіргі байлардың тірлігі тек қарынбайлық сияқты ма, қалай?
Ақшарқат Ахметбек
Фото: ©Марат Абилов
https://kaz.365info.kz/kim-eken-ej-bir-shirigen-baj-koligine-001-iii-degen-nomir-alypty-303701