Ұшатын скутерді қытайлық Дели Джао жасап шығарды. Ерекше көліктің жылдамдығын сағатына 70 километрге дейін арттыруға болады, алайда әзірге әуеде өткізілген уақыт 36 минутпен шектеліп отыр.
Өнертапқыш бұл ұшу аппаратын жасауға екі жылдан астам уақытын жұмсаған, алдағы уақытта оны жетілдіруді жоспарлап отыр. Дели Джао ұшатын көлік жасау бала күнгі арманы екенін айтады, тек араға ұзақ жылдар салып, оны іс жүзінде жүзеге асыруға шешім қабылдапты.