Осы күнге дейін екі жақты болып келген қырғыз-қазақ шекарасындағы «Кен-Булун Автожол» және «Токмок Автожол» бақылау-өткізу пунктінің деңгейі адамдардың ыңғайына қарай көп жақты болып өзгертіледі, деп хабарлайды Кабар агенттігі.
17 тамызда Астанада өткен VII қырғыз-қазақ үкіметаралық отырысының нәтижесі бойынша Қазақстан мен Қырғызстан үкіметі қол қойған 2003 жылғы 29 желтоқсаннан бастап мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктері туралы Келісімге өзгеріс енгізу туралы Хаттама күшіне енгеннен кейін аталмыш нормада алмасулар пайда болады.
Сонымен қатар, үкіметаралық кеңестің отырысында Мухаммедкалый Абылгазиев туризімді дамыту мәселесіне кеңінен тоқталды. Себебі бұл саланың екі ел үшін де маңызы зор.
«Туризмді бірігіп дамыту үшін кешенді шаралар қабылдау керек деген ойдамыз. Аталмыш мәселе бойынша келісім жобасын жасасуды ұсынамыз. Туристік қызмет пен өнімдерді ұсынып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы елдердің туристік әлеуеті туралы ақпарат тарату керек. Жалпы, туризм жайында жақсы пікір қалыптастырып, оған оң ықпалын тигізетін инфрақұрылымдық жобаларды бірігіп жасау керек», – деді Абылгазиев.
Дере көз:Қазақпарат