Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
10
USD
465
+2.47
EUR
542
+3.29
RUB
5.41
0.00

Непалда су тасқынынан кейін екі қазақстандық әйел жоғалып кетті

Енді Қазақстанның тағы бір азаматы хабар-ошарсыз кеткені белгілі болды. СІМ мәліметінше, қазір қазақстандық дипломаттар жергілікті мемлекеттік органдармен байланыста жұмыс істеп, екі әйелдің де туыстарымен тұрақты байланыс орнатқан.

Су тасқыны 26 тамызда Непалдың Қытаймен шекаралас аумағында болған. Кейінгі мәлімет бойынша, табиғи апаттан қаза тапқандар саны 389 адамға жетіп, тағы 466 адам зардап шеккен. Сонымен қатар шамамен 1000-1500 адамның тағдыры әлі белгісіз. Олардың арасында жүздеген шетелдік турист пен зиярат етуші бар.

Іздеу-құтқару және қалпына келтіру жұмыстарына 4,3 мыңнан астам полиция қызметкері тартылған. Құтқарушылар үйінділерді аршып, хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуді жалғастырып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, апатқа Гималайдағы ірі мұздықтың опырылуы себеп болуы мүмкін. Мұздықтың орасан зор бөлігі аңғарға опырылып түсіп, жойқын су мен лай тасқынын тудырған.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз