Әне, ол да ұсталды. Алғаны 100 мың теңге!
“Қарағанды облысындағы Сәтпаев қаласы әкімінің дардай орынбасары ұсталды. Ол қаладағы екі жатақхана құрылысы бойынша атқарылған жұмыстар жөніндегі актілерге еш кедергісіз қол қойылуы үшін жекеменшік ұйымдардың бірінен 100 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді”,
– деп хабарлайды Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
Бірақ қызық болғанда, әкім орынбасарын қамаудан босатып жіберіпті. Өйткені ол өзінің айыбын толық мойындапты.