Доллар қатты қымбаттап жатса да шетелдік валютаны көптеп сатып алуды қазақстандықтар қоймай тұр.
Бүгін таңертең Алматыдағы бірнеше ақша айырбас орындары: „Доллар бітіп қалды„ деп қарап отыр деп хабарлады 31 телеарна.
Сөйтсек долларға деген сұраныс тек ақша айырбастау орындарында ғана емес, қор биржасында да артқан. Мұнда долларды қомақты көлемде алуда.
Қазақстан қор биржасы келтірген мәліметке сүйенсек,
кеше таңертеңгі сауда-саттық қорытындысы бойынша бірнеше жүз миллион доллар сатылыпты. Бұл қор биржасындағы ақша сауда-саттығының орташа көлемінен екі есе артық көрсеткіш екен.
АНДРЕЙ ЦАЛЮК, KASE АҚ басқармасы төрағасының орынбасары:
– Бүгін сатып алынған доллардың көлемі өте қомақты болды. Таңертең 461,7 миллион доллар сатылды. Негізі, біздегі орташа көрсеткіш 200-250 миллион доллар жүрген ғой. Демек, сұраныс қатты өршіп тұр.
Мамандар қор биржасындағы бұл шалт қимыл америкалық валютаның әлі қымбаттайтынын білдіретінін айтады. Баға жыл соңына дейін 400-ден асады деген сыбыс бар.
https://kaz.365info.kz/maskhara-dizel-bagasy-200-tengeden-asatyn-bopty-khymbatshylykhkha-khatysty-ministrlik-ne-dejdi-326714
Айта кетелік, Ресейге салынатын тағы бір санкция рубльді қатты әлсіретіп жіберді. Түріктің лирасы да бүгіндері қатты құнсызданып жатыр. сәйкесінше, теңгенің бағамы да шатқаяқтаған. Өткен апатада құны 335 теңге болған доллар күн санап өсіп, 358 теңге болды.