Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
7
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

“Қабыл болсын!”. Қазақстандық мұсылмандардың алғашқы легі қажылыққа аттанды

200

ҚМДБ баспасөз қызметінің ақпаратынша, отандастарымыз Астана, Алматы, Ақтау, Шымкент қалаларынан тікелей рейспен Жидда, Мәдина шаһарына ұшады. Әуе рейстерін Қазақстан тарапынан отандық “Scat”, Сауд Арабия Корольдігінен “Flynas” әуекомпаниялары ұйымдастырады. Ұшу уақыты 5-6 сағат. Сауд Арабия Корольдігінің Қажылық министрлігі бөлген 3000 квотаға визалар толық шықты.

https://kaz.365info.kz/khazhylykhkha-40-tan-askhandar-gana-baratyn-boldy-268446

ҚМДБ жанынан құрылған Қажылық миссиясы қажылық сапарын ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстарын жан-жақты пысықтады. Миссия жанынан дәрігерлер, уағызшылар, ақпарат тобы құрылып, әрбіріне тиісті міндеттер жүктелді.

Қазақстан қажылары ұлы сапарға аттанбас бұрын, менингитке қарсы екпе салдырды. Сауд Арабияда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан ұсынылған дәрігерлер отандастарымыздың денсаулығын жіті қадағалайды. Ақхалаттылар ҚМДБ қажылық миссиясының медициналық көмек көрсету орталығында қажыларға тәулік бойы қызмет көрсетеді. Орталықта жедел жәрдем көлігі де болады. Барлық қажы отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Биыл алғаш рет Қазақстандықтар қажылыққа бірыңғай киіммен барады.

https://kaz.365info.kz/khazhylykhkha-anasyn-arkhalap-bargan-zhigit-zhyrtty-syjsindirdi-video-271135

Ұлы сапар кезінде қажыларға гидтер жол көрсетіп, көмекші болады. Уағыз-насихат жұмыстарына білікті де білімді имамдар бекітілді.

Осы жылы қажылық сапарын аккредитациядан өткен 18 компания ұйымдастырып отыр. Олар: “Тауаф трэвел”,  “Уақып”, “Яссауи”, “Сембекова и К”, “Қызмет Саяхат”, “Иман трэвел”, “Ордабасы НЖ”, “Нұр Қазақстан” қажылық компаниясы, “Хикмет трэвел” ЖШС, “Delta travel.kz”, “Хидаят-нур”, “Ансар Круиз, “Мина-Тур”, “Аль-Маруа”, “Sanabl”, “Атлас Туризм”, “Робинзон” және “Қазақ трэвел”.

Сауд Арабиясы 2500 қазақстандыққа қажылыққа баруға жолдама ұсынды

https://kaz.365info.kz/zhyl-sajyn-azhyly-a-bar-an-aza-standy-tardy-bes-altauy-mekkede-ajtys-bolady-236004

18 компанияның жұмысы Қажылық миссиясының бақылауында. Аталған компаниялар ҚМДБ мен Қажылық министрлігінің талаптарын орындамаған жағдайда, тиісті шаралар қолға алынады.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз