2018 жылдың шілде айында еліміздің тұрғын үй нарығында өзгерістер болды.
Бұл туралы ҰЭМ статистика комитеті хабарлайды.
Шілде айында абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып-сату бағасы өткен аймен салыстырғанда – 0,6%, абаттандырылған тұрғын үй бағасы 0,1%-ке өсіпті.
Ал жаңа тұрғын үйлер сатылымы 0,1%-ка түскен.
Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,5%-ке жоғарылаған.