Жамбыл облысы ІІД бастығы Арман Оразалиев Қордай ауылының тұрғындарымен кездесті.
Бұл туралы Baq.kz хабарлады.
Кездесуде облыс прокуроры Н. Иманов, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Б. Құрманғали, Қордай ауданының әкімі Б. Байтөле, аудандық ІІБ және прокуратура басшылары, ақсақалдар және қоғамдық кеңес өкілдері болды.
Аудан әкімі Б.Байтөле жергілікті полиция қызметін материалды-техникалық қамтамасыз ету үшін қаржы бөлінгенін жеткізді. Ол ақшаға 18 видеофиксатор, 35 планшет, 19 компьютер және 35 термопринтер алынып, учаскелік инспекторлардың 19 қоғамдық көмекшісін қамтамасыз етуге жұмсалады.
Облыстық ІІД бастығы тұрғындарды сабыр сақтауға шақырды. Оның айтуынша, жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында. Қылмыскерлер міндетті түрде ұсталады және тиісті жазасын алады.
Еске сала кетсек, бұған дейін желіде Жамбыл облысының Қордай ауылында белгісіз біреулер үйлерге шабуыл жасап, иелерін жарақаттағаны туралы мәлімет жатқанын хабарлаған болатынбыз.
Сонымен қатар, Қордайда қарақшылар соққыға жыққан зейнеткер қайтыс болды.