Теміртауда жергілікті дәмханалардың бірінде өткен тойдан кейін 18 адам өткір ішек инфекциясы ауру белгісімен ауруханаға түскен.
Олардың арасында жүкті әйел мен 8 жасар бала бар. Зардап шеккендер жергілікті инфекциялық ауруханаға 31 шілдіден түсе бастаған.
«31 шілдеден 1 тамыз аралығында Теміртаудағы инфекциялық ауруханаға пациенттер шағымданған. Бүгінде оларға «ішек инфекциясы» диагнозы қойылды. Стационарға 18 адам түскен, олардың ішінде жүкті әйел мен 8 жастағы бала бар. Барлығының жағдайы тұрақты. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Емдеу жүргізіліп жатыр. Пациенттердің сөзінше олар бәрі бірдей дәмханада болған», – деді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
«Досымның тойы қаладағы белгілі дәмханалардың бірінде өтті. Салтанатты шара 30 шілдеде болды. Сол түні әйелім алғашқылардың бірі болып өзінің әлсізденгенін сезген. Ал менде таңертең басталды. Теміртауға жұмыстарыммен кетуім керек болды. Жағдайыма қарамай кеттім. Қайтар кезде өзімді қатты нашар сезіндім. Температурам жоғары болып, қалтырап, құса бастадым. Бір сағатта он рет лоқсыған шығармын. Телефонмен тойда болған басқа қонақтардың да жағдайы дәл осындай екенін білдім. Кейбіреуінде бірден сұйық нәжіс болған. Енем мені көрген соң жедел жәрдем шақырып, ауруханаға апарды. Бірінші тамыз күні бардым», – деді зардап шегуші.
Сондай-ақ, ер адам өздерінің қандай да бір салаттан немесе майонез қосылған жеңіл тамақтан улануы мүмкін деп отыр. Ал ер адам ішімдіктен улану нұсқасын бірден жоққа шығарды.
«Ауруханаға жатқызылғандардың арасында ішімдік мүлдем ішпегендер бар. Жүкті әйел бір тамшы да ішкен жоқ. Бала да болды. Кішкентайлардан бір өзі ғана болғаны қандай жақсы. Тойда көп адам ішпеді. Негізі ауырғандар саны көп, бірақ кейбіреулері ауруханаға жатудан бас тартты. Кеше ауруханадан емізулі баласы бар әйелді шығарды. Уланудың нақты себебін білмейміз. Бірақ мұны ешкімге тілемеймін. Жағдайымыз өте жаман. Қазір бізге дәрі тамызғыш қойып, қайтадан анализ алып жатыр. Ауруханадан қашан шығатынымыз әзір белгісіз. Бес күннен он күнге дейін ұстайды деп айтып жатыр», – деді теміртаулық.