Саратов қаласы Волж ауданының тергеушілері 24 және 18 жастағы жергілікті тұрғындарға қатысты зорлық және өлтіру қаупі деген баптармен қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды КТК.
Тергеушілердің мәліметінше, қаскөйлер көрші әйелге шабуыл жасаған. Көпқабатты үйде тұратын жігіттер көрші тұратын жұптардың үйіне қонаққа келіп арақ ішіпті.
https://kaz.365info.kz/denis-tennin-olimine-khatysty-yshinshi-kydiktinin-nege-khamauga-alyngany-belgili-boldy-325513
Сонда жігіттің біреуі қожайынның басынан бірнеше рет соққы жасап, есінен тандырып, досы екеуі әйелді ұрып, зорлайды. Есін жиған ер адам полиция шақырады.
Құқық қорғау органының қызметкерлері күдіктінің біреуін сол үйде ұстап, екіншісін үйдің маңайынан қолға түсірді. Күдіктілер қамауға алынды.