Еліміздегі транспорттық компаниялардың бірінде IT-маман болып жұмыс істеген Темірлан есімді жас жігіт бастығымен төсектес болудан бас тартқаны үшін қызметінен қуылыпты. Бұл туралы NewTimes.kz хабарлап отыр.
https://kaz.365info.kz/denis-tendi-kimnin-pyshakhtagany-belgili-boldy-324932
«Осы компанияның кеңсесіне өз түйіндемемді тастап кеткем. Бір қызығы маған бірден хабарласты және жұмысқа кірісе беруімді сұрады. Алғашқы уақытта айлығым бар болғаны 60 мың еді.
Соған қарамай жұмысым өзіме ұнайтын. Өйткені мұндай ірі компанияда еңбек ету үлкен жетістік тұғын. Бөлім директорымен жақсы қарым-қатынаста болдым. Тіпті кей кездері үйіне де барып, интернетін жөндеп кететінмін. Көп ұзамай айлығым 80 мың теңгеге өсті», – дейді Темірлан.
Өстіп жүргеніне бір күні бас заңгердің туған күні болады. Дастархан жайылады. Міне, осы тойдан кейін Темірланның жұмыстағы жағдайы өзгеріп шыға келіпті.
https://kaz.365info.kz/osylaj-khyrady-eken-zamira-tikelej-efirde-korsetpejtindi-korsetti-video-324908
«Туған күнді кеңседе өткіздік. Өзім ішпейтіндіктен, үйге ерте кетіп қалуды ойладым. Оның үстіне кейбір әріптестерім тым масайып кетіп, ұятсыз әңгімелер айтуға көшті. Бірақ, кетіп бара жатқан жерімнен мені той иесі тоқтатып алды. «Темекі шегейік» деді.
Өзінің шылым шегетінін басқаларға байқатқысы келмеген әйел менен жұмыстың жанындағы автотұраққа қарай баруымызды өтінді. Бардым. Тұраққа жеткеніміз сол әлгі әйел шешіне бастады.
Жаздың кезі еді. Үстіндегі киімдерін бір-ақ шешіп тастап, тек іш киіммен қалды. «Жүр көлігімнің артқы жағына отырайық» деді. Мұндайды күтпеген мен бұл жерден бірден кетіп қалдым. Ал әлгі әйел тұрақта сол күйі жалаңаш қалды» дейді Темірлан.
https://kaz.365info.kz/aldyna-kep-kylip-otyr-denisti-oltirgen-kydikti-tergeu-barysynda-ozin-bylaj-ystapty-video-324918
Осы жағдайдан кейін Темірланның жұмыстағы әріптестері оған күн көрсетпейтін болған.
«Жұмыстағы басшыларымыздың бірі әлгі әйелдің жақын құрбысы екен. Сол кісі маған күнде тиісетінді шығарды. Болмашы дүниелерге бола соқтығыса береді. Өзге әріптестерім де маған жабылатын болады. Жұмысымнан кемшілік іздейтінді шығарды. Содан не керек, шыдамадым. Арыз жаздым да, шығып кеттім» дейді ол.