Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

“Істі болған…”. Денис Тенді өлтірді деген күдікті туралы тың дерек шықты

Қиясов сот отырысына келмеген, бірақ көлікті мас күйінде жүргізгенін мойындайды. Медициналық қорытынды ер адамның жеңіл дәрежеде мас болғанын көрсеткен.

Сот Қиясовты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының бірінші бөлігі, яғни  “Көлік құралын жүргізушінің мас күйінде жүргізуі” бойынша кінәлі деп тауып, үш жылға жүргізуші куәлігінен айырды.

Бұдан бөлек, Меркі аудандық соты өткен жылы Қиясовтың үстінен қылмыстық кодекстің 188-бабы “Ұрлық” бойынша қозғалған іс жабылып қалыпты, өйткені тараптар өзара мәмілеге келген.

Еске сала кетсек, полиция спортшыны өлтірді деген күдікпен 24 жастағы Нұралы Қиясовты ұстаған болатын. Ол кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта екінші күдікті – Қызылорда облысының 24 жастағы тумасы Арман Құдайбергенов іздестіріліп жатыр.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз