Пышақ жарақатын алған спортшыны жедел жәрдемдегілер Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханасының шұғыл хирургия бөліміне жеткіген. Бірақ оған қарағанда қылмыс орны алған жерге Министрлер кеңесінің ауруханасы тиіп тұрыпты.
Әлеуметтік желідегілерді “Тенге қастық жасалған жерге Министрлер кеңесінің (Совминовская) ауруханасы жақын болған, неге ол онда жатқызылмады?” деген сұрақ мазалаған еді. Бұған бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева жауап берді.
“Алматы денсаулық сақтау басқармасының айтуынша,
жақын маңда шұғыл хирургиялық бөлім Орталық қалалық клиникалық ауруханасында болған. Ал Совминде шұғыл хирургиялық бөлім болмаған, сондықтан ол Орталық қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді.
Жедел жәрдемдегілер жағдайға қарап шұғыл әрекет етіп, шешім қабылдаған, бұл арада олардың кінәсі жоқ”, — деді Ақтаева жұма күні тілшілерге.
https://kaz.365info.kz/ol-da-ontystikten-denis-tendi-oltirdi-degen-ekinshi-kydiktinin-sureti-zhariyalandy-324639
Ол атап өткендей, науқасты тасымалдау кезінде тиісті жансақтау шаралары толығымен атқарылған.
“Бұл – уақыт факторы. Қабылдау бөлімі аптасына 7 күн 24 сағат істейтін стационарға жеткізу керек болатын”, — дейді вице-министр.
https://kaz.365info.kz/kim-ekenin-bilgen-zhokhpyz-birtanov-denis-tennin-olimine-khatysty-tysinikteme-berdi-video-324563
Денис Тен Алматыда 25 жасында көз жұмды. Түстен кейін үш кезінде Байсейітов және Құрманғазы көшелерінің қиылысындағы мейрамханадан шыққан ол көлігінің айнасын шешіп алғалы жатқан екі жігітті көреді. Оларды тоқтатуға ұмтылған Денис Тен жамбасынан пышақ жарақатын алған. Дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады, 3 литр қан жоғалтқан Денис 17.30-да ауруханада жан тапсырды.
https://kaz.365info.kz/zhambyldyn-zhigiti-eken-denis-tendi-oltirdi-dep-ystalgan-kydikti-khylmysyn-mojyndady-324608