Бүкіл әлемге масқара болдық. Тапа-тал түсте барша ел сүйер чемпионымыздан айырылдық. Қылмыскерлердің қолынан қаза тапты. Түпкірдегі ауылда болса бір сәрі. Камера самсап тұрған ақылды қала деп барша әлемге жарнамасын асырған Алматының қақ ортасында.
Иә, бұл Қазақ елінің бетіне түскен шіркеу. Құқық саласы мен қала басшылығының бетіне салық. Адамдардың қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайды! Бесіктегі баладан бастап чемпионымызға дейін. Бала зорланып, адамдар ұрланып, чемпиондарымыз қісі қолынан өліп жатыр. Міне, бүгінгі Қазақстанның нағыз бет-бейнесі.
https://kaz.365info.kz/kim-ekenin-bilgen-zhokhpyz-birtanov-denis-tennin-olimine-khatysty-tysinikteme-berdi-video-324563
Бұл ойды саясаттанушы Досым Сәтпаев та растайды. Ол да барша қазақстандықтар құсап Денис Теннің қазасын қан жұта қабыл алып, ашына жазба жариялады.
“Қылмыскерлердің құтырғаны сонша басымызға шықты.
Тапа-тал түсте Алматыда Қазақстанның бетке ұстар азаматын тонап, өлтіріп кетіп жатыр. Бұл Теннің отбасы мен бүкіл қазақстандықтар үшін ауыр қайғы. Қайғырып көңіл айтамын! Өйткені кез келген ата-ана баласын мәпелеп, ел сүйер азамат етіп өсіру үшін қанша тер төгілетінін жақсы біледі. Ал Денис Тенді әке-шешесі чемпиондық деңгейге жеткізді.
https://kaz.365info.kz/tyk-bolmagandaj-denis-tendi-oltirgen-kydiktilerdin-videosy-pajda-boldy-video-324573
Ал тонап, кісі өлтіргендер Айдан келмеген болар. Олар да біздің бір бөлшегіміз. Әрине, көлеңкелі жағымыздың. Олар біздің жүйе, соның ішінде құқық қорғау саласының туғызған кесапаттары. Соның маригинал бөлігі. Біреудің өмірін түк көрмейтін бассыз жастар көбейіп барады қазір.
Сондықтан өздеріңізге, туғандарыңызға сақ болыңыздар! Мұндай қайғылы оқиғалар бәрімізге өмірдің қамшының сабындай қысқа екенін, әрбір минут қымбат екенін еске салады”, – деп жазды Досым Сәтпаев.
https://kaz.365info.kz/khozhamzharov-denis-tennin-olimine-khatysty-isti-oz-bakhylauyna-aldy-324567