Ақтөбе облысында кәуапқа қақалып қалған тұрғын қайтыс болды. Қайғылы оқиға Қарғалы ауданындағы Велиховка ауылында болған.
Бұл туралы Керек инфо сайты хабарлайды.
Басылымының мәліметінше, оқиға 30 маусым күні кешкілік болған. 45 жастағы ер адам өз үйінде жеп отырған кәуабына қақалып көз жұмған. Мұны бірнеше күн жүргізілген сараптама қорытындысы да растады.
Сейсенбі күні марқұмды ауылдастары ақтық сапарға шығарып салған.