Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

“Әбден басынды”. Путин Қазақстанды Ресейдің қолшоқпары етпек

Экономист Мағбат Спанов мұндай шектеу енгізген және оны ұзартқан Ресей ТМД туралы келісімді бұзып отыр, өйткені Украина одан шыққан жоқ деген пікірде.

https://kaz.365info.kz/nazarbaev-biledi-eken-euraziyalykh-odakhtan-shykhsa-khazakhty-ne-kytip-tyr-315710

«Мінез» көрсету керек!..

— Жалпы, серіктес, көрші мемлекеттер мұндай қадамға бармау керек. Әрине, бізідің Украинамен тауар айналымымыз соншалықты үлкен емес, бірақ маңыздысы, аталмыш келісім бізбен талқыланған да, келісілген де жоқ. Сондықтан біз америкалықтармен бірге бірлескен жобаларды іске қосқан кезде олар өкпелеп, қырғиқабақ танытпаулары керек.

Мағбат Спанов

Айтарлығы, Ресей маңайындағы елдерді билеп-төстеуге үйреніп қалған. Бірақ біздің орыс әлемінің бөлігі емес, егемен ел, өз алдына бөлек әлем екенімізді түсінетін, біздің ұлттық мүделерімізбен санасатын кез келді. Кремльдің пайымдауынша, біз Ресейдің жасағанын айна-қатесіз қайталауымыз керек екен. Алайда Ресейдің Украинамен қарым-қатынасы Қазақстан мен Украина арасындағы алыс-берістен мүлдем бөлек дүние.

Болашақта Кремль біздің мүдделерімізбен санасу үшін бір уақыт «мінез» көрсетіп, мұндай шешімдердің қабылдануын түсіндіруді, шеккен шығынның орнын толтыруды талап ету керек,

— дейді Спанов.

https://kaz.365info.kz/aza-stan-euraziyaly-oda-a-kirer-kezde-shy-atyn-tesikti-de-ojlauy-kerek-edi-ekonomist-211402

Оның айтуынша, қазіргі таңда Ресей Қазақстанның оның аумағынан бөлек жерден қосымша инфрақұрылымдық жобалар іздегеніне таңданыспен қарамауы керек. Сөйтіп, олар «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» немесе Әзірбайжан аумағы өтетін газ құбыры жобаларына тосырқай қарамаулары керек.

Ресейдің өзі қуған…

Дегенмен Спанов Қазақстанға ЕАЭО аясындағы интеграция қажет деген сенімде. Бірақ, осы орайда, бірыңғай валюта жөніндегі әңгіме ешқашан қандай да бір қисынды нәтиже бермейтін бос сөз.

— Бірыңғай валютаны енгізу – Қазақстан егемен ел ретіндегі мемлекет болмайды деген сөз. Ал бұған елдегі халықтың басым бөлігі ешқашан келіспейді. Ресей кезінде үлкен қатеге бой ұрды: біз олармен бірге рубль аймағында болған едік, бірақ сол кезде

Қазақстан өзін рубль аймағында қалдыруды бірнеше дүркін өтінсе де Ресей одан үзілді-кесілді бас тартып, онда қалған барлық рубльді біздің «иығымызға арта салған-ды».

Сонда біз 25 жылдан кейін, өзіміздің ұлттық валютамыздан бас тартып, Ресей валютасын қабылдауымыз керек пе? Ал кейін жаңадан келген билік қайтадан бізді жынды қылмақ па? Енді оған жол берілмейді! Біздің тағдырымызды шешетін Ресей емес. Бұл жерде барлық тараптардың, яғни, елдердің мүдделерін ескеретін ымыра керек, — деген сенімде Спанов.

https://kaz.365info.kz/oda-bastar-ne-istep-otyr-putinni-ojy-aza-standy-resejge-osyp-alu-ma-208501

Енді арандатып отыр…

Саясаттанушы Сұлтанбек Сұлтанғалиев та Ресей президентінің Украинадан Қазақстанға тасымалданатын тауарларды тасымалдауға енгізілген шектеуді ұзарту туралы шешімі оның Қазақстанға теріс қабақ танытып отырғанының белгісі деген пікірде.

— Шын мәнінде, Ресей мен Украина арасындағы қым-қатынас өз алдына бөлек дүние болса, Қазақстан мен Украина апрасындағы алыс-беріс мүлдем басқа нәрсе. Астана ешқашан Киевпен бет жыртысқан емес. Киев билігін әркім әрқалай қабылдайды. Бірақ бір нәрсе анық – ол санасуды қажет ететін заңды билік.

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен Украина арасындағы бітімгерлік процесінде араздасушы тараптарды елдестіретін елші болуға бірнеше дүркін ниет білдірген-ді.

https://kaz.365info.kz/nazarbaev-ke-es-oda-yn-ajta-r-ysy-keletinderdi-basynda-mi-zho-222148

Міне, осы мәлімдемелерді Киев те ғана емес, сонымен қатар Мәскеуде де құлаққа ілмеу біраз нәрсені аңғартады. Бұл шешім Қазақстанның экономикалық мүдделеріне қайшы келіп, елімізді бізге қажет емес қақтығысқа жетелеп отыр.

Сұлтанбек Сұлтанғалиев

Еуразия кеңістігіндегі саяси және экономикалық процесстердің мәнін түсінуге ниет білдірмеген Кремльдің бұл қадамы өзінің әріптесі, одақтасы болып табылатын біздің ел тарапынан көптеген сұрақтар тудырып отыр. Турасын айтсақ, президент сайлауындағы жеңісінен кейін Путин тым дандайсып кеткен сыңайлы.

Ресми деңгейде қандай да бір наразылық білдіріледі деп ойламаймын.

https://kaz.365info.kz/armyandar-bilgen-eken-euraziyalykh-ekonomikalykh-odakh-tarajdy-dej-me-312445

Бірақ шынайы өмірде, оның ішінде екі ел арасындағы шекара маңындағы саудаға ресейлік биліктің бұл шешімі теріс әсерін тигізері анық. Қазақстанды бұлай басынуға болмайды, — деген сенімде сөзін қорытындылаған саясаттанушы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз