Ақтауда көпқабатты үйден шыққан өртке қатысты тергеу басталды. Қызыл жалын шарпыған баспанадан 35 жастағы әйелдің денесі табылған болатын.
Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Алматылық келіншек Ақтауда жалдамалы пәтерде тұрып келген екен. Отқа оранған пәтердің сау-тамтығы қалмаған, ішіндегі дүние-мүлкімен жанып кеткен. Күйіп қалған келіншектің денесі де осы жерден табылыпты.