Ажырасып кеткендеріне бірнеше жыл өтіп кетсе де, ерлі-зайыптылар арасындағы дау-дамайлар таусылмаған. Кезекті жанжал кезінде әйел адам бұрыңғы күйеуін аяусыз сабап тастады. Келіншектің бұл әрекетке баруына жұбайының өсек-әңгімелері түрткі болған.
Бұл туралы Nur.kz хабарлады.
Кезекті жанжал кезінде шыдамы шегіне жеткен келіншек бұрынғы күйеуін итше сабап тастады.
Ер адам өз кезегінде, бұл ұрыстарға әйел адамның өзі кінәлі екенін айтты. Оның пайымдауынша, келіншек балаға алимент аз төлегені үшін бүлдіршінді әкесімен кездестіртпей жүрген көрінеді.
Оқиғаға байланысты келіншек әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 34 мың тенге көлеміндегі айыппұл төлеуге міндеттелген.