Қостанай қалалық сотында отбасылық драма. Бірнеше жылдан кейін күйеуі қызының туған әкесі болмай шыққанын білген.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. Істің материалына сәйкес, күйеуі мен әйелі 2012 жылдан 2015 жылға дейін заңды некеде тұрған. Некеде олардың ортақ қызы дүниеге келген.
“2017 жылдың желтоқсан айында айыпталушы әйел үйленетінін айтады. Сол кезде әкесі баланы өзіне тастап кетуін сұрайды. Ақыры шағымданушы өзінің туған баласы екеніне күмән тудырып, айыпталушыдан өз еркімен ДНҚ тапсыруды талап еткен. Зерттеудің қорытындысы бойынша, қыздың әкесі басқа ер адам болып шықты.
https://kaz.365info.kz/tagdyrym-solaj-bala-tuu-yshin-kyjeuinin-kozine-shop-salgan-ajel-254884
Сарапшының қорытындысы мен айыпталушының бұл қылығы тек шағымданушыға ғана емес, балаға бауыр басып қалған жігіттің ата-анасына да соққы болды”,
– деп түсіндірді сот.
Ер адам айыпталушыдан алимент төлеу туралы міндеттемеден босатуды және туған әкесі деген тізімнен алып тастап, 352 121 теңге сомасында ақша қайтаруды талап етті. Ақыры бұл іс медиация арқылы шешілді.
https://kaz.365info.kz/bile-bersin-otbasyly-adammen-konil-khoskhan-student-khyz-suretterin-zhelige-saldy-foto-308458
Нәтижесінде сот айыпталушыға 502 000 теңге көлеміндегі ақшаны шағымданушыға қайтарсын деп шешім шығарды. Сот шешімі бойынша тараптар арасында жасалған медиация туралы келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.
https://kaz.365info.kz/serik-sagan-sol-kerek-kyjeuime-kyjinip-boten-erkekpen-zhattym-261602