Sputnik Қазақстан агенттігі қалың оқырманды кеше ғана Назарбаевтар отбасымен құдаласқан Шайжүнісовтер әулетімен таныстырыпты. Сонымен, Дариға Нұрсұлтанқызының құдалары несімен танымал екен, оқып көрелік
Венера Назарбаева мен Дәлен Шайжүнісовтің үйлену тойы сенбі күні өткенін көпшілік жақсы біледі. Қазақстан президентінің жиенін өмірлік жары еткен азаматтың кім екені барша жұртқа қызық. Назарбаевтардың фамилиясы елімізден тысқары аймаққа да танымал болса, Дариға Назарбаеваның қызының жары қазақстандықтарды бір елең еткізді.
22 жастағы Дәлен Шайжүнісов туралы Желіде көп ақпарат жоқ. Кей деректерге сүйенсек, 1995 жылғы 24-қыркүйекте дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы университетті “Заңгерлік” мамандығы бойынша тәмамдапты. Астана тұрады екен. Венера мен Дәлен екі жыл бұрын танысыпты.
Жалпы айтқанда, Шайжүнісовтер әулетін көпшілік біледі. Әулеттің түп-тамыры – Шығыс Қазақстаннан. Арғы атасы –
социалистік еңбек ері, танымал ұстаз Жақия Шайжүнісов (1914–1983).
Семейдегі орталық көшелердің бірі мен қаржы колледжі осы кісінің құрметіне аталған.
https://kaz.365info.kz/ana-kisi-khajdan-zhyr-dariganyn-khyzynyn-tojynda-kimder-boldy-foto-321197
Шайжүнісовтер әулетінен шыққан тағы бір белгілі тұлға – Маркен Шайжүнісов – Семейдің құрметті тұрғыны. Әр жылдары жоғары лауазымды иеленген:
Семей облысының әкімі, Семей қаласының әкімі болып істеген, Қазақ ССР-нің Жоғары Кеңесіне сайланған, Қазақстан парламентінде депутат болған, Қазақстан президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.
1944 жылы туған Тоқан Шайжүнісов Венера Назарбаеваның қайын атасы атанды, “Востокказколхозстрой” трестінде басқарушы, Өскемендегі “Казгипроцветмет” ЖШС президенті болған. Үлкен ұлы – Сергей Шайжүнісов —”Қазқұбырөнеркәсіп” АҚ, “КазПетроМашКоммерц” ЖШС басқарады.
Дариға Назарбаеваның күйеу баласының ағасы Аллен Шайжүнісов “Астана ЭКСПО-2017” ҰК басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарады.